Мәдениет

Қырық жылдық белес

Фестиваль

Ақтөбе қаласында қалалық Мәдениет үйі жанындағы эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің 40 жылдығы мен қалалық Мәдениет үйінің 45 жылдығына арналған «POP Music FEST-AKTOBE» атты фестиваль өтті.

Мерекелік шарада Астана ауданының әкімі Айбек Көпеновүрлемелі аспаптар оркестрін мерейтойымен құттықтап, киелі Ақтөбе өңірінің музыкада да, тарихта да өзіндік қолтаңбасы бар екенін атап өтті. Қалалық әкімінің эстрадалық-үрлемелі оркестрінің көркемдік жетекшісі Сәкен Еркеғұлов, 1982 жылы Ақтөбе қаласы әкімдігінің жанынан А.С.Пушкин атындағы саябақтың базасында кәсіпқой эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрі құрылғанын айтып, алғышқы жылдарды еске алды.

Осыдан 5 жыл бұрын оркестрдің 35 жылдығына арналған фестиваль өткізген едік. Алдағы уақытта  бұл фестивальді дәстүрлі түрде өткізгіміз келеді.

Негізі, мұндай үлкен фестивальдерге білікті музыканттар қатысады. Дегенмен біз жастардың да өнеріне қолдау білдіре отырып, музыкаға деген сүйіспеншілігін, қазақ музыкасының әлеуетін арттырғымыз келеді.Біздің басты мақсатымыз эстрада және джаз музыкасын насихаттау арқылы жас музыканттарды тәрбиелеу,— дейдіоркестрдің көркемдік жетекшісі Сәкен Еркеғұлов.

Фестивальдің ашылу салтанатынақалалық өнер ұжымдарымен қатар, Орал қаласының үрлемелі аспаптар оркестрі қатысты.Ал шараның екінші күні гала-концертпен жалғасты. Оған «Жас Ұлан» Сазды орта мектебінің «Шаңырақ» аула клубының,Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің, Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің үрлемелі аспаптар оркестрлері өнер көрсетті. Шарада мерейтой иелері, қырық жылдық тарихы бар Ақтөбе эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің ардагерлері «Мәдениет үздігі» төсбелгісімен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button